«Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің абаттандыру секторының меңгерушісі

Мемлекеттік орган

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-R-3

Орташа лауазымдық айлықақы

106359 - 142815

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің бар болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Аспап жасау
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Құрылыс
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Көлік құрылысы
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Логистика (сала бойынша)
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Сектор жұмысын үйлестіру. Автомобиль жолдарын және қаланың сыртқы абаттандыру объектілерін салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, күтіп-ұстау мәселелері бойынша сектордың жұмысын үйлестіру. Қаланы абаттандыру және санитарлық жағдайын одан әрі арттыру бойынша іс-шаралар әзірлеу; тартылатын мердігерлік ұйымдардың орындалатын жұмыстарының мерзімі мен сапасына бақылауды жүзеге асыру; қаланың санитарлық жағдайы бойынша комиссияға қатысу. Жолаушылар тасымалы бойынша қызметтер жүйесін жетілдіруге, автомобиль жолдарының жағдайын жақсартуға бағытталған тұжырымдамалар, бағдарламалар мен ережелер әзірлейді. Жолдарды, жолаушылар көлігін жөндеу, күтіп ұстау бойынша деректер базасын қалыптастырады. Азаматтардың өтініштерімен, шағымдарымен, сот отырыстарындағы өкілдігімен жұмыс істейді. Қолданыстағы заңнаманың және жолаушылар тасымалын жүзеге асыру ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Жолаушылар тасымалы қызметтерін көрсету сапасын тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады. Қаланың жүру бөлігінің, көшелердің, жолдар мен тротуарлардың жай-күйін тексеру жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады. Жолдарды жөндеу және күтіп ұстауды жүзеге асыратын кәсіпорындардың жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алуды дайындау және техникалық қамтамасыз ету. Электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.04.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.04.2021 – 12.04.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

14.04.2021

Сұхбаттасу орны

ШҚО, Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72336) 42941, факс (72336)42573