«Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ кеңсесінің бас маманы (Е-4 санаты) - 1 бірлік. «С» функционалдық блогы.

Мемлекеттік орган

Риддер қаласының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

Е-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

181109

Жалпы біліктілік талаптары

Е-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Білім (білім саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Автоматтандыру және басқару
  • Әлеуметтік жұмыс

Функционалды міндеттер

Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қала әкімі аппаратында жалпы іс қағаздарын жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді. Келіп түскен хат-хабарларды тіркейді, компьютерге енгізеді, тіркеу-бақылау карточкаларын басып шығарады, компьютерге басшылықтың бұрыштамасын, құжаттардың өтуі, орындалуы және бақылаудан алынғаны туралы белгілерді енгізеді. Қала әкімінің, оның орынбасарларының және бөлім меңгерушілерінің қарауы үшін кіріс хат-хабарларды уақытылы өңдеуді және жеткізуді жүргізеді. Құпия емес хат-хабарларды жедел есепке алу, өткізу, жөнелту бойынша жұмысты ұйымдастырады, келіп түсетін құжаттардың сипатын талдайды. Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес шығыс                         хат-хабарларды тіркеуді жүргізеді және ресімдеудің дұрыстығын тексереді. Аппараттың қазақ және орыс тілдерінде іс қағаздарын тепе-тең жүргізу бөлігінде «Тіл туралы» Заң талаптарын орындауын қамтамасыз етеді. Ай сайын іс жүргізуге мемлекеттік тілді енгізу бойынша есептер дайындайды. Қала әкімі аппаратының құжат айналымы бойынша жылдық есептерді дайындайды. Қала әкімі аппаратының жиынтық істер номенклатурасын жасайды, қала әкімі аппаратының бөлімдерінде номенклатураға сәйкес істерге құжаттардың қалыптастырылуын бақылауды жүзеге асырады; сақтауға жататын құжаттарды жыл сайын дайындауды және мұрағатқа тапсыруды жүргізеді. ЭҚАБЖ-де келіп түскен құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады; Құжаттардың жобаларын дайындау және ЭҚАБЖ-ға жіберу; Бөлім аудармашыларының мемлекеттік тілден орыс тіліне және орыс тілінен мемлекеттік тілге аудару сапасын бақылау. Сапа саласындағы саясатты білуге және қолдануға тиіс. Басқа бөлімшелермен бірлесіп қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарды өзгерту немесе күшін жойған туралы ұсыныстар дайындайды. Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуге және жақсартуға қатысады. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген қатаң есептілік бланкілерінің берілуіне және сақталуына бақылау жасайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.04.2024 – 15.04.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: размер одного файла не должен превышать 7 МБ

Сұхбаттасу күні

17.04.2024

Сұхбаттасу орны

ШҚО, Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19 мекенжайы бойынша «Риддер қаласы әкімінің аппараты» ММ-

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72336)42280, факс 8(72336)42573