«Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы (санаты ЕR-1) – 1 бірлік. «А» фукционалдық блогы.

Мемлекеттік орган

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-R-1 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар** белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Сәулет және құрылыс
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру

Қосымша талаптар

Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасау. Ақпараттық-талдамалық жұмыс және мониторинг нысандары мен әдістерін меңгеру; қарамағындағылардың жұмысын жоспарлау, бақылау және уәждеу қабілеті; азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу; бөлімнің қызметін жақсарту, оның құрылымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; бюджет қаражатын жұмсау мәселелеріне жетекшілік ету; Жобалардың іске асырылуын, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салудың қалалық ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру; жергілікті деңгейдегі мемлекеттік кадастрды енгізу; бөлінген қаражат шегінде жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге мердігер ұйымдармен шарттар жасасу; Бөлімнің функционалдық жауапкершілігі шегінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын әзірлеу; жобалардың іске асырылуын, қала құрылысы тәртібінің, қала құрылысы ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру; Қала аумағында мемлекеттік, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу; бөлінген қаражат шегінде жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге мердігер ұйымдармен шарттар жасасу; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қала әкіміне объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттары үшін жер учаскелерін беру және оларды мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау; Жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясымен, мемлекеттік қорғау мәселелері бойынша лицензиялау органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қоғамдық және жеке мүдделер. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, ҚР Мемлекеттік хатшысының, облыс және қала әкімдерінің тапсырмаларының орындалуын үйлестіру және бақылау. Бөлімнің қызметін бақылауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.06.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.06.2023 – 30.06.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: размер одного файла не должен превышать 7 МБ

Сұхбаттасу күні

03.07.2023

Сұхбаттасу орны

ШҚО, Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19

Анықтама алу үшін байланыс

8 (72336) 42941, факс 8(72336)42573