«Риддер қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі (санаты ER-3) – 1 бірлік лауазымдық, («А» функционалдық блогы) (2025 жылғы 07 сәуірге дейін негізгі қызметкердің үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне. Негізгі қызметкер осы мерзім өткенге дейін жұмысқа шығуға құқылы).
Риддер қаласының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
E-R-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Педагогика және психология
- Құқық және экономика негіздері
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Әлеуметтік жұмыс
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына иелік етеді. Өз жұмысының бағыттары бойынша басқа өңірлердің жұмыс тәжірибесін зерделейді және жинақтайды. Бөлімнің ішкі нормативтік-құқықтық актілерін (әкімдіктің қаулылары, қала әкімінің шешімдері мен өкімдері, қалалық мәслихат сессиясының шешімдері) және құқық белгілейтін құжаттарын әзірлейді және дайындайды. Бөлімнің ішкі комиссияларын және қалалық арнайы комиссияларды қалыптастыру жөніндегі құжаттарды дайындауға және ресімдеуге қатысады. Сапа саласындағы саясатты білуі және қолдануы тиіс, сапа менеджменті жүйесін жұмыс жағдайында ұстау жөніндегі басшылықтың өкілі болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген cтандарттарға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
1) Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
2) Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдардың жеке көмекшісінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
3) Мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - жылына алпыс сағат;
4) Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
5) Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
6) Тұрғын үй көмегін тағайындау;
7) Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
8) Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
9) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру;
10) Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту.
11) Ауылдық жерде тұратын азаматтарға отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
12) Санаторий-курорттық ем алуға консультация және құжаттарды ресімдеуді жүргізеді.
Мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік қызметтердің енгізілуіне және сапалы көрсетілуіне бақылауды жүзеге асырады. Президенттің, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмаларын орындау бойынша ақпарат дайындайды. Сектордың жұмысы туралы есептер мен ақпараттар жасайды. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы озық тәжірибені зерделейді және енгізеді. Сектордың құзыретіне кіретін азаматтардың хаттарын, шағымдарын, ұсыныстарын белгіленген тәртіппен қарайды. Тұлғалардың өтініштерімен жұмыс және есептер жасау бойынша жауапты тұлға болып табылады. Әлеуметтік төлемдердің дұрыс тағайындалуын және аударылуын бақылауды жүзеге асырады. Мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты бақылайды. Аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштерін жоспарлауды және мониторингті жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметтердің сапасы үшін жауапты тұлға болып табылады. Риддер қаласының халықты жұмыспен қамту орталығын үйлестіруді жүзеге асырады. Жұмыс орындарын босату және қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады. Статистикалық және ведомстволық есептілікті жасауды жүзеге асырады.Жұмыс күшінің бір бөлігінің сұранысы мен ұсынысын есепке алуды, талдауды және болжауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады, жергілікті атқарушы органдар мен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органды еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етеді. Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары шеңберінде іске асырылатын сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде құрылатын жұмыс орындары туралы Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорларын қалыптастыруға қатысады.Еңбек нарығы бойынша талдамалық анықтамалар жасайды. Еңбек нарығындағы шиеленісті төмендетудің неғұрлым тиімді нысандары мен әдістерін енгізу және ұсыныстар енгізу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Жұмыс берушілермен өзара іс-қимылдың жаңа нысандарын пысықтауды жүргізеді. Есептіліктің дұрыстығына қатаң бақылау жүргізуді жүзеге асырады. Жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұрайды. Бөлімнің құзыретіне кіретін әлеуметтік жәрдемақылардың дұрыс тағайындалуын, есептелуін және төленуін бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік қызметтердің енгізілуіне және көрсетілуіне бақылауды жүзеге асырады. Үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелерінің қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Азаматтарды бастапқы өтініш журналына тіркейді, қажетті құжаттардың тізбесін береді. Азаматтардың жекелеген санаттарына өтініштер бойынша, ерекше өмірлік жағдайларда жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша қосымша әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі құжаттарды дайындайды және ресімдейді.
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жөніндегі қалалық комиссияның хатшысы болып табылады. 1,2,3 топтағы мүгедектігі бар адамдармен, мүгедектігі бар балалармен әлеуметтік оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша жұмысты жүзеге асырады, консультациялар жүргізеді. Әзірленген ЖОБ мониторингі мақсатында МОДБ-мен (мүгедектігі бар адамдардың орталық деректер базасы) жұмысты жүзеге асырады. Үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдармен инва-такси қызметін құру, жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну және мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы басқа да мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы, мүгедектер саны, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есептер дайындайды. Е-собес бағдарламасына мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді және беру, орындау туралы белгілерді енгізуді жүзеге асырады. Сурдотехникалық, тифлотехникалық, міндетті гигиеналық құралдарды беру туралы және мүгедек адамдардың жүріп-тұру құралдары туралы есептер жасайды. Басшының өкімдерін және бөлім бойынша бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік, азаматтық және қылмыстық заңнамаларына қайшы келмейтін қосымша міндеттерді орындайды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар секторының бас мамандары уақытша болмаған кезеңде міндеттерді орындайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ya.abramovskaya@akimvko.gov.kz
- 15.05.2023
- ШҚО, Риддер қаласы, Семенова көшесі, 19 Әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.
-
8 (72336) 42941, факс 8(72336)42573