«Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Риддер қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы No 1119 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 


«Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған,
көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе
күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу
қағидаларын бекіту туралы» Риддер қаласы әкімдігінің 2022 жылғы
6 желтоқсандағы No 1119 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған,
    көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі
    жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту
    туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
    No 31072 болып тіркелген) Риддер қаласы әкімдігінің 2022 жылғы
    6 желтоқсандағы N1119 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған
көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған
көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
ұйымдастыру және өткізу қағидалары бекітілсін»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік
келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, төбелерін
ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және
өткізу қағидаларында:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп
пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін реконструкциялау,
ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және
жүргізу қағидалары.»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған
көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
ұйымдастыру және жүргізу қағидалары. (бұдан әрі — Қағидалар) «Тұрғын үй
қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабы
2-тармағының 11) тармақшасына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге
сәйкес әзірленген және Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге
бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.».

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
ұйымдастыру тәртібі»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
жүргізу тәртібі»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын
үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін реконструкциялау, ағымдағы немесе
күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды мемлекеттік сатып алу
туралы заңнамаға сәйкес Бөлім жүзеге асырады.».

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын
үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін реконструкциялау, ағымдағы немесе
күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қабылдауды техникалық қадағалауды
жүзеге асыратын тұлғаларды тарта отырып, Бөлім жүзеге асырады.».

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Риддер қаласының бірыңғай сәулеттік бейнесін беруге бағытталған
көп пәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, төбелерін
реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды
қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің
    жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
    күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Риддер қаласының әкімі                                                            Д. Рахметқалиев



 

Дата публикации
10 декабря 2024