Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Назар аударыңыз! ЭЦҚ кілттері жеке және заңды тұлғаларға беріледі!

ЭЦҚ кілттерін ХҚКО бармай-ақ қашықтан алу мүмкіндігі үшін сізге қажет:

* Өзімен бірге қолданыстағы жеке куәліктің түпнұсқасы (Қазақстан Республикасында берілген фотосуреті бар жеке басты куәландыратын құжат) немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс;

* Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігі бар ұялы телефоныңыз болуы тиіс;

* Сіздің жеке компьютеріңізде веб-камера болуы керек;

* ЭЦҚ-ны одан әрі Орнату және пайдалану үшін қажетті NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату.

Құрметті пайдаланушылар!

1) оператормен диалог дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 14:00-ге дейін, түскі үзіліссіз демалыс: жексенбі және ҚРЗ сәйкес мереке күндері.

2) Қашықтан сәйкестендіру сәтсіз болған жағдайда сіздің құжатыңыз растауға/модерациялауға жіберіледі. Тексеруді операторлар жіберілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Егер сіз бұрын ЭЦҚ алған болсаңыз, онда қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сілтеме бойынша ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинетінде жаңа кілтті қайта шығара аласыз.

https://egov.kz/cms/sites/default/files/instrukciya_ecp_fiz_lica.docx

https://egov.kz/cms/sites/default/files/instrukciya_ecp_yur_lica.docx