Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Өнеркәсіп және бизнес

2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 3 498 бірлікті құрап, оның ішінде 3 235 бірлігі — әрекет етуші шағын және орта бизнес субъектілері. 2024 жылдың осы кезеңімен (3 280 бірлік) салыстырғанда әрекет етуші субъектілердің саны 45 бірлікке, немесе 1,37 %-ға төмендеді.

Әрекет етуші ШОБ субъектілерінің құрылымында жеке кәсіпкерлердің үлесі 89,41 % (2 893 бірлік), шаруа және фермер қожалықтарының үлесі — 3,80 % (123 бірлік), заңды тұлғалардың үлесі — 14,90 % (482 бірлік) құрайды.

Кәсіпкерлікті дамытуға елеулі қолдау көрсететін шаралар қатарына қала құраушы кәсіпорынның жергілікті тауар өндірушілерден тапсырыстар орналастыруы, микрокредиттер беру, жаңа өндірістерді құру мен дамытуға арналған гранттар ұсыну, сондай-ақ кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жатады.

«2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында Риддер қаласы бойынша 2025 жылғы 04 желтоқсандағы жағдай бойынша жалпы кредиттік портфелі 86,0 млн теңгені құрайтын 2 жоба субсидияланды.

Ішкі сауда субъектілерін қолдау шеңберінде жалпы сомасы 120,0 млн теңге болатын 2 жоба қаржыландырылды, оның 102,0 млн теңгесі кепілдендіру құралдары арқылы қамтамасыз етілді. Аталған жобалардың мақсаты — инвестициялар тарту және айналым қаражатын толықтыру.

Бағдарлама аясында кәсіпкерлердің кредит алудан бас тартуының негізгі себебі — пайыздық мөлшерлемелері неғұрлым төмен баламалы қаржылық қолдау бағдарламаларының болуы.

Сонымен қатар, Риддер қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған гранттар алу мәселелері бойынша, сондай-ақ туризм саласындағы мемлекеттік қолдаудың 7 бағыты бойынша жергілікті кәсіпкерлерге тұрақты түрде консультациялық қолдау көрсетеді.

Документы
Басқа
19 февраля 2025
Риддер қаласының әкімдігі
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Басқа
19 февраля 2025
Риддер қаласының әкімдігі
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі
Нұсқаулық
22 июля 2024
Риддер қаласының әкімдігі
НҰСҚАУЛЫҚ. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары
Новости
Полезные материалы
Даму Дайджест
Өнеркәсіп және бизнес
2019 жылғықаңтар-тамыз аралығында Риддер өңірінде бизнесті жүргізудің жеңілдігі жөніндегі шаралар бағдарламасының нысаналы индикаторларын орындау туралы ақпарат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы