ТКШ және қаланы абаттандыруға 2019 жылы 855 млн. 724 мың теңге бөлінді (2018ж. – 768 млн. 800 мың теңге).оның ішінде ағымдағы жайластыру мәселелерін шешуге, клумбаларды ұйымдастыруға, Островский көшесі бойынша газон орнатуға, 5 балалар алаңын ұйымдастыруға – 78 млн. 828 мың теңге. (2018ж. – 127 млн. 200 мың теңге). Облыстық бюджеттен 4 шағын аудандағы ауланы абаттандыруға 50 млн.теңге бөлінді.
Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 338 млн. 466 мың теңге бөлінді (2018 жылы – 378 млн. 500 мың теңге), оның ішінде::
– жолдардың асфальтбетонды жабындысын ағымдағы жөндеу-129 млн. 740 мың теңге.
- қиыршық тас жамылғысы бар жолдарды ағымдағы жөндеу-30 млн. 082 мың теңге.
- тротуарларды ағымдағы жөндеу-45 млн. 227 мың теңге.
- аула ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу-120 млн. 271 мың теңге.
- шұңқырларды жөндеу-2 млн. 728 мың теңге.
- қиыршық тас жолдарын ұстау-6 млн. 694 мың теңге.
- жолдарды жазғы күтіп ұстау-3 млн. 724 мың теңге.
2019 жылы сумен жабдықтау және су бұру желілерін ағымдағы жөндеуге қалалық бюджеттен 116 млн. 564 мың теңге бөлінді
Анықтама: Набережная, Громатушинская, Гэсовская, Солнечная, Весенняя, Колчина, Изобильная, Мичурин көшелеріндегі сумен жабдықтау желілеріне жөндеу жүргізілді, Самоквитов көшесі 4 бойындағы кәріз коллекторына ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Папанин көшесі 1 млн.845 мың теңгеге электр желілеріне және Кедровская көшесі 12 млн. 609 мың теңгеге электр желілері мен трансформаторлық подстанцияларға ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Жалпы құны 2 млрд.767 млн. теңге «Сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту» жобасын іске асыру басталды. Осы мақсаттарға 2019 жылы республикалық бюджет есебінен 400 млн.теңге бөлінді.
«6, 7 шағынаудандардың магистральды электр желілерін салу» жобасын іске асыру басталды. Бұл мақсатқа республикалық бюджет есебінен 172 млн.510 мың теңге бөлінді.