«Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ
Қызметінің мәні: мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметшілерін, ұйымдар мен кәсіпорындардың, сондай-ақ халықтың басқа да топтарының қызметшілерін қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне оқыту;
2) оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына қол жеткізу және қолдану аясын кеңейту мәселелерінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады;
4) мемлекеттік органдарға, ведомстволарға және ұжымдарға, кез келген меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ жеке тұлғаларға "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес деректемелерді, көрнекі ақпаратты ресімдеуге әдістемелік және практикалық көмек көрсету»;
5) мекемелерге, кәсіпорындарға және жеке тұлғаларға аударма қызметтерін және лингвистикалық сараптама қызметтерін көрсету, сондай-ақ құжаттарды мемлекеттік тілде ресімдеу мәселелері;
6) оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында ересек халықты оқыту әдістемесі бойынша оқытатын ғылыми-практикалық семинарлар мен курстарды ұйымдастыру және өткізу;
7) әдістемелік ұсынымдар мен құралдарды әзірлеу, тарату;
8) Қазақстан Республикасының ұқсас кәсіпорындарымен ынтымақтастық;
9) конкурстар мен фестивальдерді ұйымдастыру және өткізу.