Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-cі

Қызмет

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ  құрамында 14 кітапхана-бөлімшесі бар. Жүйе Өскемен қаласының әлеуметтік инфрақұрылымының маңызды бір бөлігі болып саналады.

Барлық  кітапхана ұжымдарының басты мақсаты - кәсіби шеберліктері мен біліктіліктерін үздіксіз және  жан-жақты жетілдіру арқылы қала тұрғындарына  сапалы  қызмет көрсету. Оқырмандарға барлық жағдайларды жасай отырып, қажетті ақпараттармен және кітаптармен қамтамасыз ету және  сұраныстарын уақытында орындау.

Кітапханалар  өз қорларын  оқу залдарында және абонементтерде  келушілерге ұсынады. Сонымен бірге, ақпараттық - анықтамалық қызмет  көрсетеді.

Түрлі тақырыптарда шаралар өткізіп, қызмет көрсету үрдісіне заманауи технология түрлерін енгізеді. Жүйенің барлық кітапхана-бөлімшелерінің пайдаланушылары  әлемдік ақпарат кеңістігіне кіріп, электрондық мәліметтер мен құқықтық жүйе қызметін пайдалана алады.

Кітап қорлары, электрондық қорлар, әмбебап анықтамалық қорлары, жайлы кітапхана залдары және қызметкерлердің кәсіби шеберлігі арқылы пайдаланушылардың сан түрлі талап-сұраныстары толыққанды орындалады.

Кітапханаларда ақпарат алумен  бірге адамдармен қарым-қатынас жасап, түрлі тақырыптардағы  шараларға қатысуға және бос уақытты  тиімді, мағыналы өткізуге де мүмкіндік мол.

Оқырмандар кітапханаларда ашылған түрлі бағыттағы клубтардың  мүшесі болып, дарын – қабілеттерін де жан-жақты  дамыта алады.  Сонымен бірге,  сүйікті ісімен де шұғылдану мүмкіндігіне ие болады. Түрлі бағытта ұйымдастырылған шараларда танымал тұлғалармен жүздесіп, рухани танымдарын дамытады.