Сіздерді жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз!

Құрметті Маркакөл ауданының тұрғындары, Сіздерді жобаны талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.
«Ашық НҚА» порталында «Марқакөл ауданының бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» жобасына талқылау жүргізіледі. Қатысу үшін бекітілген сілтеме бойынша өту қажет: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15412508