"ШҚО Ұлан ауданы Пролетарка ауылында су құбыры желілері мен су жинау құрылыстарының құрылысы" объектісінің құрылыс барысы туралы
2021 жылы "ВОСТОКАГРОПРОМПРОЕКТ" ЖШС жобалау ұйымы жалпы құны 636,4 млн. теңгені құрайтын "ШҚО Ұлан ауданы Пролетарка ауылында су құбыры желілері мен су тарту құрылыстарын салу" жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірледі (сараптама қорытындысы - 09.03.2021 ж. №КСА-0040/21).
Жобаға тапсырыс беруші - "ШҚО Ұлан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ.
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес су жинау құрылыстары алаңын, 2 көтергіш сорғы станциясын, сыйымдылығы 100 м3 2 таза су резервуарын, жалпы ұзындығы-10,5 км кенттік желілерді салу, оның ішінде су құбыры желілерін тұтынушылар учаскелерінің шекарасына дейін жеткізу – 1,3 км көзделген.
Жасалған шарттарға сәйкес жоба бойынша жұмыстардың құны 618,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде;
- ҚМЖ ("Bulder Gold" ЖШС) – 594,8 млн. теңге;
- техникалық қадағалау ("СКАПС" ЖШС) - 17,2 млн. теңге;
- авторлық қадағалау ("ВОСТОКАГРОПРОМПРОЕКТ" ЖШС) - 6,7 млн.теңге.
Нысан қабылдау комиссиясының 2023 жылғы 25 мамырдағы актісімен пайдалануға берілді, бұл Пролетарка ауылының 570 адамнан тұратын тұрғындарын кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.