НҚА жобасын талқылау

Құрметті Күршім ауданының тұрғындары Сіздерді Күршім ауданы мәслихатының  шешімімен  «Күршім ауданы бойынша пайдаланылмайтын

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» шешім жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.

НҚА жобасын талқылау үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет

     https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14862598 

 

Күршім ауданы бойынша пайдаланылмайтын

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер

салығының базалық мөлшерлемелерін

 жоғарылату туралы

 

Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 6 бабы  1 тармағы 15 тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Күршім ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері жиырма есеге арттырылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Күршім аудандық

мәслихатының хатшысы                                                           К.Бахтияров