«Құстар әлеміне саяхат»

Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады. Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған. Табиғаттың қысқы ұйқыдан оянуын танытатын көктем хабаршысы Құстар.
1 сәуір Бүкілхалықтық құстар мерекесіне орай Марқакөл ауылдық кітапханасының ұжымының ұйымдастыруымен «Құстар әлеміне саяхат» тақырыбында Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту, Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу мақсатында оқушылар арасында қашықтықта сурет салу сайысы өтті. Сайысқа көптеген оқушылар қатысты. Соның ішінде: Мағұлбекова Аяжан 9-сынып, Тоқтарбекқызы Айжан 6 –сынып, Әлібекұлы Әли 4-сынып, Айдарханова Айзере 4-сынып, Камалбекова Каусар 0-сынып, Тоқтарбекқызы Аяла 0-сынып, Қалиолдаева Инабат 3-сынып оқушылары өте жоғары деңгейде қатысты. Халық ежелден –ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз ,ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп отырады. Осы табиғаттың көркі, сәні, әні болған құстарды қорғайық.
Марқакөл ауылдық кітапханасы:
Р.Туркуева