Танымдық сабақ өтті

14 ақпан №3 Күршім гимназиясында «Күршім ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары Г.Жаменкенова, Г.Жакупова Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай, «Ауған жаңғырығы» атты танымдық сабақ өткізді.
Кітапаханашылар оқушыларға Ауған соғысының тарихымен таныстырып, «Ауған ақиқаты» атты кітаптарға шолу жүргізді.
Сыр сұхбат бөлімінде кітапханашылар сұрақтар қойып, ардагер Б.Жакупов, сол кездегі бастарынан өткен оқиғаларын баяндап берді.
Кеш барысында тақырыпқа сай слайд, бенероликтер көрсетілді.
