Қол күресі турнирі

2020 жылдың 14 ақпаны күні аудан әкімінің жоспарына сәйкес №3 Күршім гимназиясында 2002 жылы және одан кейінгі жылдары туған жасөспірімдер арасында А.Құнанбаевтың 175 жылдығы және Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толу құрметіне орай қол күресінен аудандық турнир өтті.
Ашылу салтанатынды: Аудан әкімінің аппаратының басшысы А.Абильмажинов, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Қ.Бахтияров, №3 Күршім гимназиясының директоры Г.Шакерова, ауған соғысының ардагері Қ.Мұқанов спортшыларға құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Бұл турнирге: №3 Күршім гимназиясының, № 4, №1, №5 Күршім орта мектептерінің, Бірлік, Сарыөлең, Қалжыр ауылдарының командалары қатысты. Спортшылар өз салмақ дәрежесінде Жанболатова Жансая, Ерлікова Еркежан, Касенова Салтанат, Бекен Перизат, Абжанова Алима, Кәдірбаева Аяулы, Ерлан Ердос, Назарбеков Надир, Камалханов Алихан, Зақанов Тоқтар, Хамидулин Амир, Сарқытов Еламан, Беков Асылбек, Камалханов Досжан чемпион атанды.
Жалпы командалық: 3 орын- № 4 Күршім орта мектебі, 2 орын- № 5 Күршім орта мектебі, 1 орын- № 3 Күршім гимназиясы иеленді. Жарыстың жүлдегерлері грамоталар және медальдармен марапатталды.