Сауда саттық орындарда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сауда саттық орындарда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау

АҚО бөлімшелерімен жылдың ағымдағы кезеңінде өткізілетін ТЖ алдын алу мәселелерінің негізгілері болып төмендегі іс-шаралар жоспарланып өткізіледі: су айдындарында адамдардың қаза болуының алдын алу - су қоймаларының жанында адамдардың табиғатта демалуы, табиғи өрттердің алдын алу - орманды дала аймақтары мен ауыл шаруашылығы алқаптарын ЖПҚ-мен бірлесіп  патрульдеу, егін жинауға және мал азығын дайындау тартылған техникаларды тексеру. Жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпкерлік өкілдерімен дөңгелек үстелдер, тұрғындармен жиындар өткізіліп, БАҚ-қа және әлеуметтік желілерге
ТЖ алдын алу тақырыбында материалдар жариялануда. Жылу беру кезеңіне дайындық жұмыстары тұрғын үй секторын аралау арқылы жалғасуда -
тұрғын үйлерді, құрылыстарды және үйлердің  аулаларын  өрт қауіпсіз қалпына келтіру бойынша ұсыныстар берілуде.
         Сонымен қатар ағымдағы жылы бөлшектеп сату сауда объектілерінде орын алған өрттерге байланысты Күршім ауданының ТЖБ-мен Күршім ауылының дүкендеріне рейд жүргізілді. Рейд барысында әр түрлі төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша кәсіпкерлерге ұсынымдар, персоналмен  нұсқаулықтар өткізіліп жадынамалар таратылды

Күршім ауданының ТЖБ