Қоқыс қалдықтарын төгетін орындарға және бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуіне мониторинг

Қоқыс қалдықтарын төгетін орындарға және бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуіне мониторинг

Ағымдағы жылдың 25 сәуірі күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумовамен Марқакөл ауылындағы қоқыс қалдықтарын төгетін орындарға және бөлінген қаражаттың дұрыс игерілуіне мониторинг жүргізілді.

Марқакөл ауылының шығысында құжаты рәсімделген, 1 га аумақты алып жатқан қоқыс төгетін орында бүгінгі күні жергілікті салықтан түскен, үнемделген қаражат есебінен жинақтау, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Конкурс бойынша мердігер анықталған. Жалпы қарастырылған қаражат көлемі 600 мың теңгені құрайды.

Ауыл тазалығын қалыпқа келтіруде ауылдың батыс бөлігінде тұрғындармен қосымша қоқыс шығарылып жатқан орынды тазалау бойынша жұмыстар ұйымдастыру ұсынылды.