Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу  

Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу   

Ағымдағы жылдың 16 наурызы күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы С.Дүйсенғазин, Күршім балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Е.Сырымбаев, жаттықтырушылардың қатысуымен печа-куча форматында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстар, заңнамалық өзгерістер бойынша ақпарат берілді.

Аудандық спорт мектебінде спорттың 10 түрінен 36 жаттықтырушы (21-штат бойынша, 15-і сағатпен жұмыс істейтіндер) қызмет етеді, балалар саны – 904 (барлық оқушылардың 26 пайызы). Спорттық үйірмелер ақысыз, барлық балаларға белсенді спортпен айналысуға мүмкіндік жасалған.       Шәкірттерінің волейбол, бокс, қол күресі, шаңғы спортынан облыстық, республикалық жарыстарда иеленген жүлделері - мектеп ұжымының мақтанышы.

Жоғары нәтижеге жетуде материалдық-техникалық базаның орны маңызды екені белгілі. Бүгінгі күнге тренажерлық залдарды, жалпы спорт құралдарын жаңалау, толықтыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде тасымалдайтын арнайы көліктермен, жеңіл көлікпен қамту  жөнінде сұраныстар жолдануда.

Жаңа Қазақстанды жасаушы, ел болашағы бүгінгі жастар өздеріне қойылатын биік талап үдесінен шығуда ағалық қамқорлық, нақты қолдаулар күтеді.