Күршім музыка мектебі ұжымында кездесу өткізілді

Ағымдағы жылдың 22 ақпаны күні «Күршім-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова аудандық балалар музыка мектебінің ұжымымын кездесіп, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен таныстырды.
Мектеп ұжымына ҚР 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы, 2021 жылғы енгізілген өзгерістер, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.Бектеновтың баяндамасы бойынша түсінік беріліп, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы слайд арқылы көрсетіліп, таныстырылды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуда әр мемлекеттік мекемеде атқарылуға тиісті жұмыстар бойынша ұсыныстар берілді.
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған 2021 жылғы қыркүйек айындағы Жолдауындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша тапсырмаларын негізге ала отырып, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындау, арнайы стенд шығару бойынша нұсқаулықтар берілді.
Жекелеген сұрақтарға жауап берілді.