«Профилактикалық бақылау»  жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қайталама қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында, ағымдағы жылдың 7 ақпан – 13 ақпан аралығында Республика аумағында «Профилактикалық бақылау»  жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

 «Профилактикалық бақылау» профилактикалық іс-шарасы барысында  Күршім АПБ және Күршім аудандық №1 ПҚБ тарапынан РПІШ өткізу кезінде қайталама қылмыс жасауға бейім адамдарға ерекше назар аудара отырып, ПБ-нің профилактикалық, пробациялық және тізімдік есептерінде тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша 100% тексеру, қоғамға қарсы іс-әрекеттерді анықтау, сондай-ақ олардың тарапынан құқықбұзушылық және өзге де құқыққа кайшы келетін іс әрекеттердің алдын алу жұмыстары жүргізілуде.  Аталған іс шара кезінде анықталған құқықбұзушылық бойынша қосымша хабарланады.

ШҚО бойынша ҚАЖД Күршім аудандық №1 ПҚБ инспекторы, әділет аға лейтенанты Ә.С. Бөкейханов