«Күршім ауданындағы эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында тікелей эфир өткізілді

«Күршім ауданындағы эпидемиологиялық ахуал» тақырыбында тікелей эфир өткізілді

Ағымдағы жылдың 19 қазаны күні «Шығыс Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің тапсырмасына сәйкес Күршім аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, ауданның бас санитарлық дәрігері М.Садуақасовамен тікелей эфир өткізілді.
М.Қабдылқызы ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 16 қазандағы №12-5 қаулысының мазмұнына сәйкес шектеулер, аудандағы аурушаңдық, вакцинанациялау жағдайы, карантиндік шараларды сақтаудағы негізгі ережелермен таныстырды.
Тікелей эфир барысында маска кию, әлеуметтік қашықтықты, жеке бас гигиенаны сақтау, қол беріп амандаспау, көпшілік жиналатын шараларға бармау жөнінде ескертіліп, «Ашық» жобасына сәйкес әлеуметтік-экономикалық обьектілерінің қызметіне белгіленген өлшем шарттары түсіндірілді.