Мемлекеттік бағдарламасы аясында берілген бюджеттік несие және көтерме жәрдемақы төлеу жағдайына мониторинг жүргізілді

Monitoring of the situation with the payment of the lifting allowance and budget loans

Ағымдағы жылдың 20 мамыры күні «Күршім-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшсімен аудандық әкономика және қаржы бөлімі арқылы ауылға жастарды тұрақтандыру, жұмысқа орналастыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілген бюджеттік несие және көтерме жәрдемақы төлеу жағдайына мониторинг жүргізілді:

  • 2021 жылы 30 маманға 131265,0 мың теңге көлемінде бюджеттік несие және 45 маманға 13126,5 мың теңге көтерме жәрдемақы жоспарланған, Ағымдағы жылдың 18 мамырына дейін 3 маманға 13126, 0 мың теңгеге бюджеттік несие  берілген;

Оның ішінде:

  • денсаулық сақтау саласынан 1 маманға  - 4375,5 мың теңге;
  • білім беру саласынан 2 маманға - 8751,0 мың теңге берілген.

15 маманға  4375, 5 мың теңге көтерме жәрдемақы төленген:

Оның ішінде:

  • денсаулық сақтау саласынан 6 маманға  - 1750,2  мың теңге;
  • білім беру саласынан 9 маманға - 2625,3 мың теңге берілген.

«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданға қаражат бөлінген жоқ