Ұлы жеңіс күнімен!

Ұлы жеңіс күнімен!

Ардақты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті аудан тұрғындары!

 

Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

«Отан үшін күрес, елге тиген үлес» дейді дана халқымыз.    Отанға деген махаббат, жеңіске деген құштарлық пен қуатты рух, достық пен ынтымақ – Ұлы Жеңістің негізі болды. Қасиетті Жеңіс күні - өшпес қаһармандық пен ерліктің, халқымыздың мұқалмас қайратының мерекесі.

Бұл күні өткенді еске алып, майдангерлер рухына тағзым ету біздің азаматтық борышымыз. Майдан шебінде жауынгерлердің көрсеткен қайсарлығы нағыз татулықтың  үлгісі болып тарихта қалды.

Күршім ауданынан 9 мыңнан астам жерлестеріміз соғысқа аттанды. Олардың 5 мың 400 –ден астамы қаза болды, 2246 жауынгер  хабарсыз кетті. 4 жерлесіміз Кеңес Одағының батыры атағына ие болды.

Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сындарлы сәтте кеудесін оққа тосқан батырларға айрықша құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы.

Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иеміз!

Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен бақ-береке тілеймін!

 

Күршім ауданының әкімі                                              Д.Қажанов

 Аудандық мәслихаттың хатшысы                            Л.Кемешева

Оқиға күні

09 мамыр 2020