Отан қорғаушылар күнімен!

Отан қорғаушылар күнімен!

 Құрметті Отан қорғаушылар! Құрметті жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осынша тарихи қысқа мерзім ішінде әскерлеріміз қаруланып, тәуелсіз мемлекетіміздің ажырамас бөлігіне, заманымыздың жақсы дайындалған, жасақталған, ұрысқа қабілетті армиясына айналды.

Ұлттық қауіпсіздік - біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады. Бірлігіміз бекем, қалқанымыз берік болған соң, ел тыныштығы бұзылған жоқ.

Құрметті Отан қорғаушылар!

Бүгінгі мереке арқылы біздің әскери азаматтар жастарды отансүйгіштікке, Отан қорғауға тәрбиелеуге елеулі үлесін қосады деп сенеміз. Баршаңызға мықты денсаулық, халқымыздың бейбітшілігі мен тыныштығын тілейміз. Қазақстанды өркендету жолындағы қызметтеріңіз табысты болсын!

 

Күршім ауданының әкімі                                          Д.Қажанов

Аудандық мәслихаттың хатшысы                         Л.Кемешева

Оқиға күні

07 мамыр 2020