Жаңа жыл


Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл- қашан да әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттанады.
Өткен 2019 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз.
Қадірлі жерлестер!
Жаңа жыл Сіздердің жақсы тілектестеріңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін. Барлық бастамаларыңызға жаңа табыс әкелсін. Атаулы мерекеге орай зор денсаулық, қуаныш пен бақыт тілейміз!
Күршім ауданының әкімі Д.Қажанов
Аудандық мәслихаттың хатшысы Л.Кемешева
31 желтоқсан 2019
01 қаңтар 2020