Наурыз мейрамы!

Наурыз мейрамы!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді көктем мен жаңарудың, еңбек пен жасампаздықтың, достық пен татулықтың мерекесіне айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен  шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз – Табиғаттың оянған шағы, тіршіліктің алғашқы тынысы, күннен шуақ төгіліп, жердің бұлағы ашылған, жаңару мен жаңа ұмтылыстың мерекесі.

Күн мен түн теңескен, жердің  жылы лебі ескен, қайырымдылық пен имандылықтың, мейірбандылық пен бейбітшіліктің, достық пен қуаныштың нышаны жыл басы Наурыз тек бар жақсылығын, құт-берекесін ала келсін!

Әр отбасында бақыт, табыс, аманшылық болсын.Табиғаттың жаңару кезеңінде тың күшпен жаңа  биіктерге жетейік.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз  мерекесі құтты болсын!

 

Күршім ауданының әкімі                                              Д.Қажанов

Аудандық мәслихаттың хатшысы                             Л.Кемешева

Оқиға күні

22 наурыз 2020