Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Жергілікті ауқымдағы табиғи
сипаттағы төтенше жағдайды
жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуіріндегі Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына сәйкес, Күршім ауданының Марқакөл және Төсқайың ауылдық округтерінде қардың көп мөлшерде жауып, елді мекендер арасында жол қатынасының болмауына байланысты, Күршім ауданының әкімі ШЕШТІ:
- Күршім ауданының Марқакөл және Төсқайың ауылдық округтерінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
- Төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы ретінде және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу аудан әкімінің орынбасары Қ.Азимбаевқа жүктелсін.
- Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Күршім ауданының әкімі А. Ақышов
19
16 қаңтар 2024 14:45
16 қаңтар 2024