Егіндібұлақ ауылының тұрғындарымен өткен жиналыстың қорытындысы
2024 жылдың 23 тамыз күні «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572-XII Заңына сәйкес, Егіндібұлақ ауылын Қаратоғай ауылының құрамына қосу туралы Егіндібұлақ ауылы тұрғындарымен қоғамдық жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында Егіндібұлақ ауылын Қаратоғай ауылының құрамына қосу туралы бір ауыздан шешім қабылданды.
Қалғұты ауылдық округінің әкімі Е.Мұхтарханов