День защитника Отечества

День защитника Отечества

Құрметті Отан қорғаушылар, жерлестер! Сіздерді 7 мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы Күнi мемлекеттiк мерекесiмен құттықтаймын! Уақыт алмасып ұрпақ өзгергенмен, Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Біздің азаматтарымыз бүгінгі күні өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда. 1992 жылғы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құру туралы Жарлығына сәйкес, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды. 7 мамыр- егемен елiмiздiң қарулы күштерiнiң мерейiн асқақтататын, Отан үшiн отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы. Сiздердi атаулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға қуаныш, құт-береке, елiмiздiң дамуы жолындағы еңбектерiңiзге табыстар тiлеймiн. Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді күзетіп тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қуаты нығайып, даңқы арта берсін!

Оқиға күні

07 мамыр 2020

Оқиға түрі

Құттықтау