Меню

Страницы

Статья

САИРОВ ЕРЛАН БИЯХМЕТҰЛЫ

САИРОВ ЕРЛАН БИЯХМЕТҰЛЫ

1970 жылы 25 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Білімі жоғары. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару  академиясын «Мемлекеттік және  муниципалды басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Ерлан Бияхметұлы 2000-2003 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі ішкі саясат департаментінің директоры, 2003-2005 жылдары «Казинжингиринг» АҚ-атқарушы директоры, 2005-2008 жылдары Парламент мәжілісінің ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі  Қоғамдық саяси жұмыс департаментінің директоры лауазымын атқарды. 2012-2013 жылдары «Ұлт  TIMES»  Республикалық  апталық қоғамдық-саяси газетінің редакциялық кеңесінің төрағасы, 2013-2015 жылдары «Мәдениетті дамыту инстиуты» Қоғамдық қорының ғылыми жетекшісі, 2017 жылы ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, 2019-2021 жылдары «Еуразиялық интеграция» институтының директоры лауазымдарында қызмет етті. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Ерлан Бияхметұлы депутаттық қызметінде елімізде орын алған өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың игілігі үшін жемісті еңбек етуде. Шекаралық аумақтарды дамыту бойынша биік мінберлерден бастама көтеріп, аудан орталығының Катонқарағай ауылына келуіне зор ықпал жасады.  

  2024 жылы 12 сәуірде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Ерлан Бияхметұлына VIII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XV сессиясының №15/179-VIII шешімімен "Катонқарағай ауданының құрметті азаматы" атағы берілді.

 

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Направления
14 октября 2026
Указ Президента РК
Направления
18 июля 2026
Законы
Направления
18 июля 2026
Места нахождения и границы избирательных участков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы