Меню

Страницы

Статья

ПАНТЕЛЕЕВ ВАЛЕНТИН ФЕДОРОВИЧ

     ПАНТЕЛЕЕВ ВАЛЕНТИН ФЕДОРОВИЧ

1939 жылы 7 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Берел ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Семей зооветеринарлық институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1961 жылы Өрел кеңшарында бас зоотехник болып бастады. Кейін Большенарым өндірістік басқармасының бас зоотехнигі болып ауыстырылды. 1971 жылдан 1983 жылға дейін Чернова кеңшарының директоры болып жұмыс атқарды. 1996 жылдан бастап мал шаруашылығымен, марал шаруашылығымен айналысатын "Қарлығаш" шаруа қожалығының басшысы. Еңбек жолында өзін жоғары азаматтық позицияда, жігерлі, сауатты, болашақты көре алатын көшбасшы ретінде көрсетті. Ерекше еңбекқорлық және  жауапкершілік сияқты қасиеттреге ие.

Валентин Федорович қызмет еткен жылдары Чернова (қазіргі Аққайнар) ауылында көптеген құрылыстар жүргізіліп, тұрғын үйлер бой көтерді. Ауылдық мәдениет үйін салуға көп күш жұмсалды. Ол аудандағы ең үлкен мәдениет үйінің бірі ретінде бүгінгі күнге дейін ауылдық округ тұрғындарына қызмет етеді. Округтегі мерекелік іс-шараларды өткізуге үнемі демеушілік көмек көрсетеді, қоғамдық маңызды іс-шараларға белсенді қатысады, ауылдық зиратты қоршауға көмек көрсетті, Өрел орта мектебіне демеушілік жасады.

Еңбек жолында «Халық шаруашылығындағы жетістіктері үшін» қола медалімен, «Ерен еңбегі үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» грамотасымен және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Марал шаруашылығындағы жетістіктері үшін» алғыс хатымен марапатталды.

      2023 жылы 5 шілдеде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Валентин Федоровичке VIII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының VI сессиясының №6/61-VIII шешімімен "Катонқарағай ауданының құрметті азаматы" атағы берілді.

 

 

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Направления
14 октября 2026
Указ Президента РК
Направления
18 июля 2026
Законы
Направления
18 июля 2026
Места нахождения и границы избирательных участков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы