Меню

Страницы

Статья

БАЯНҒАЗИН ЕРБОЛ БАЯНҒАЗЫҰЛЫ

БАЯНҒАЗИН ЕРБОЛ БАЯНҒАЗЫҰЛЫ

1949 жылы Катонқарағай ауданынының Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген.

1968-70 жылдары әскери борышын Қиыр Шығыста өтеп қайтқан.

 Еңбек жолын 1970 жылы Өскемен титан-магний комбинатында реакторлық аппараттарды құраушыдан (монтажшыдан) бастап, бір жыл ішінде 5 разрядты маман-металлург атанған.

Ербол Баянғазыұлы жоғарғы оқу орнының және институт коммунистерінің кепілдемесі бойынша, 1976 жылы күзде КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетіне қызметке тартылған. Белоруссияның астанасы Минскіден осы саладағы «Жоғарғы курста» алғашқы чекистік білім алған. Одан соң, Москвадағы «Жоғарғы мектепте», Ташкенттегі «Жоғарғы курста», Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік Академиясында білімін көтерген. Ауғанстанға интернационалдық көмекке баратын жоғарғы шенді офицерлерлер ішінде екі рет (Москвада және Ташкентте) үлкен дайындықтан өткен.

1977-97 жылдар аралығында Кеңес одағының және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (ҰҚК) қызмет атқарған. Көп жылдар Шығыс Қазақстан – Қытай шекаралы аудандарында жемісті қызмет істеп, Күршім, Зайсан аудандық «ҰҚК бөлімдері» мен облыстық Департаментте «Барлау басқармасына» басшылық жасаған. Шет елде (Үндістан - Шри-Ланкада) кәсіптік іс-сапарда болған. Бірнеше мәрте Қазақстан-Қытай делегацияларының шекаралық, сауда-экономиялық бас қосуларына қатысқан.

Еркін күрестен КСРО спорт шебері. Отан алдындағы еңбегі мен адалдығы, отансүйгіштігі үшін  оннан аса медальдармен марапатталған, алғыс хаттар  мен мақтау қағаздар, бағалы сыйлықтар алған.

Еңбек демалысына шыққан соң, ел мен жердің тарихын зерттеп,  шығармашылыққа бет бұрған. «Шыңғыстай» атты танымдық кітаптың авторы.

  2022 жылы 28 желтоқсанда ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Ербол Баянғазыұлына VII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXII сессиясының №25/317-VII шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Направления
14 октября 2026
Указ Президента РК
Направления
18 июля 2026
Законы
Направления
18 июля 2026
Места нахождения и границы избирательных участков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы