Балалар қауіпсіз болуы керек

Картинка

Балалар қауіпсіз болуы керек

Жазғы маусымда Глубокое ауданы ТЖД және ШҚО ТЖД және Апаттық медициналық орталығының  қызметкерлері қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінде дәстүрлі түрде қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтар өткізіп тұрады. Осындай іс-шаралардың бірі «Алау» балалар лагерінде өтті.

Мұндағы алғашқы ауысым жуықта ғана ашылды. Қазір лагерьде 340 бала демалады.

 Ұлдар мен қыздар бүгінгі күнін ерекше бастады, оларға таңертең құтқарушылар оятып, викториналар, конкурстар мен эстафеталар ұйымдастырды. Балалар өртті шартты түрде сөндіріп, адамды судан құтқарып, алғашқы көмек көрсетті. ТЖ қызметкерлері балаларды құтқару құралдарын пайдалануға, қауіпсіз жағажайларды анықтауға, ормандағы өрттің алдын алуға үйретті.

 Лагерьдегі демалушылар үшін ең қызықты сәт құтқарушылар өрт оқпанынан жасаған жаңбыр. Жаздың ыстық күнінде одан асқан не болуы мүмкін. Балалардың қуанышы мен эмоцияларын ТЖ қызметінің осындай «сыйлығынан» кейін ұзақ уақыт бойы байқауға болады. Іс-шара ШҚО ТЖД-да қызмет атқаратын және іздеу жұмыстарына қатыса отырып, азаматтардың қауіпсіздігі үшін жұмыс істейтін «Хит» лабрадорымен танысумен аяқталды.

 Мұндай сабақтарды ШҚО ТЖД қызметкерлері барлық жазғы каникул бойы өткізетін болады.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Жарияланған күні

01 шілде 2024

Жаңарту күні

01 шілде 2024