Cеминар өткізу туралы аңдатпа

Cеминар өткізу туралы аңдатпа

Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы және халықаралық стандарттар талаптарының шеңберінде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Ұлттық стандарттау органы «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы қызметкерлерді даярлау және біліктілігін көтеру», (жыл сайын 1300 маманнан кем емес) тақырыбында семинар өткізуді жоспарлап отыр. 

Семинар (3-күндік) өтемсіз негізде (тегін) өткізіледі. 

 

Семинар техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйесі саласындағы өзекті мәселелерді жария етуді көздейді:

  1. Стандарттау саласындағы заңнама.

Стандарттау саласындағы жалпы нормативтік-құқықтық база.

Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы практикалық қолдану мәселелері

Отандық өнім сапасын стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманы қолдану арқылы көтеру.

Құрылыс материалдары, автомобиль жолдары бағыттары бойынша стандарттау және техникалық реттеу туралы заңнаманың қолданылуын түсіндіру.

  1. Метрология.

Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы нормативтік құқықтық актілерді практикалық қолдану.

Халықаралық құқықтық актілерді және құжаттарды практикалық қолдану мәселелері. 

  • Сәйкестікті растау.
  1. Техникалық реттеу, өлшем бірліктерін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау.

ЕАЭО елдеріндегі нарықты бақылаудың және қадағалаудың заңнамалық негізі.

ЕАЭО шеңберінде КО/ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау үшін мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы.

  1. Экспорттаудың басым елдерінде техникалық реттеу

 

Семинар жұмысына қатысады:

  • техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласында жұмыс тәжірибесі бар шетел дәріскерлері;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бағыттары бойынша жұмыс істейтін сарапшы-аудиторлары;
  • техникалық реттеу және метрология саласында жұмыс тәжірибесі бар мамандар, сондай-ақ стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің техникалық сарапшылары;
  • менеджмент жүйелері саласындағы мамандар.

 

Семинарға шақырылады (функциясына техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері мәселелері кірмейтін қызметкерлерді қоспағанда, бір кәсіпорыннан 5 өкілден артық емес)

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, кәсіпорын, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының (орталықтарының), салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, қауымдастықтарының, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ЖОО-ның мамандары, сондай-ақ функциясына техникалық реттеу, метрология және стандарттау мәселелері кірмейтін жұмыскерлерден басқа барлық мүдделі тұлғалар.

 

Іс-шара шеңберінде кофе-брейк ұйымдастырылады.

 

Семинар аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 

Семинарды ұйымдастырушы:

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Шығыс – Қазақстан филиалы, Ұлттық стандарттау органы, Өскемен қ., Қазақстан көш-сі, 5, 404 офис.

Басталу уақыты

01 сәуір 2020

Соңғы күні

03 сәуір 2020

Өткізу орны

Өскемен қ. 2020 жылдың 01 мен 03 сәуір аралығында, Д.Серікбаева атындағы ШҚМТУ ғимараты, Серікбаев көш-сі,19, 8 (7232) 25-39-36, vko@kazinst.kz

Оқиға түрі

Хабарландыру