Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ бюджеттің атқарылуын талдау және есептілік бөлімінің бас маманы, (негізгі маманның жүктілік және босануы бойынша демалысы кезеңінде 18.09.2021 ж. (05-03 )
Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуін талдау. Республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер мен кредиттерді есепке алу. Аудандар мен қалалар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде республикалық және облыстық трансферттер бойынша жаңа қаржы жылына ай сайын бөле отырып, қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру, оларға өзгерістер енгізу. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген трансферттерді қаржыландыру жоспары бойынша қазынашылық органдарымен салыстыру үшін ай сайынғы деректерді қалыптастыру. Ай сайын «Е-Қаржымині» жүйесінде облыстық жергілікті атқарушы органдарының республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттерді іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы жиынтық есепті қалыптастыру және орталық уәкілетті органға ұсыну. «Облыс әкімінің ахуалдық бөлмесі» үшін нысаналы трансферттерді игеру бөлігінде мәліметтер дайындау. Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру. Облыстық бюджеттен нысаналы трансферттерді игеру бойынша ай сайынғы жиынтық есепті қалыптастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.06.2021
- «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 65
-
8 (7232) 26-46-74