Есеп және қаржылық есептілік бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Облыстық бюджет және облыс бюджеті бойынша, оның ішінде соттардың шешімдері бойынша кредиторлық берешек бойынша деректер жинау және жиынтық есеп жасау. Ұзақ кредиторлық берешекті өтеуге талдау жүргізу. Облыстық бюджеттің және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің облыс бюджетінің атқаруы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті тексеруді жүзеге асыруға қатысу. Бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне берілетін негізгі құралдар мен қорлар бойынша өзара операциялар бойынша есеп жүргізу. Облыс бойынша қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша қаражатының бюджеттік есебін, мемориалдық ордерлерді, Бас кітапты, балансты жүргізу. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну, өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Қаржы басқармасының аппараты бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жылдық жоспар жасау, оған өзгерістер енгізу. Мемлекеттік сатып алуды жариялау, Мемлекеттік сатып алу веб-порталында жеткізушілермен және мердігерлермен шарттар мен қосымша келісімдер жасау және оларды орындау. Басқарма аппаратын ұстауға бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету. Түгендеу жүргізуге қатысу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.12.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.12.2020 – 11.01.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.01.2021

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 65 үй

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7232) 26-48-31