«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ қолма-қол ақшаны басқару және кредит беру бөлімінің бас маманы, негізгі маманның бала күту демалысы кезеңінде 11.07.2023 ж. дейін (негізгі қызметкер көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқылы), (06-03)
Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Қаражаттың игерілмеу себептерін анықтай отырып, республикалық және облыстық бюджеттерден берілген кредиттер бойынша облыс бюджетінің атқарылу мониторингін жүзеге асыру. Республикалық бюджеттен берілген кредиттер мен қарыздарды игеру (түсімі), өтеу және қызмет көрсету барысы туралы есептерді және кредиттер бойынша мерзімінде өтелмеген берешектің жай-күйі туралы мәліметтерді бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы органға ұсыну. Облыс қалалары мен аудандарынан облыстық бюджетке кредиттерді қайтаруды есепке алу және шарттарды тіркеу. Республикалық және облыстық бюджеттен берілген кредиттерді қайтару және қайта құрылымдау бойынша іс-шараларды жүргізу. Кредиттік тұрғын үй салуға мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруды ұйымдастыру. Жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитінің есебін жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.11.2020
- «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 65, 2-қабат, мәжіліс залы
-
8 (7232) 264831