"Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ қолма-қол ақшаны басқару және кредит беру бөлімінің бас маманы, негізгі маманның оқу демалысы кезеңінде 30.06.2021 ж. дейін (негізгі қызметкер көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға құқылы), (06-02)

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Жергілікті атқарушы органдардың шоттарында кірістердің түсуіне және бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізу. Бекітілген жылдық сомалар негізінде облыстық бюджет кірістері түсімдерінің ай сайынғы жоспарын жасау. Мәслихаттардың шешімдері мен салық органдарының өтінімдері негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну үшін орындау процесінде жергілікті бюджеттер мен облыстық бюджет түсімдерінің ай сайынғы жоспарларына енгізілетін өзгерістер жиынтығын жүзеге асыру. Облыстық бюджеттен артық (қате) төленген түсімдерді анықтау бойынша жұмыс жүргізу және қайтару (есепке алу) үшін қорытындылар дайындау. Облыстық мәслихаттың сессиясында, қаржы басқармасының кеңесінде материалдарды, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға қажетті ақпаратты дайындауға қатысу. Қазынашылық департаментінің деректері бойынша облыс бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы бойынша есептілікті жасау. Жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражатын игеруі бойынша ай сайын ақпарат дайындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.11.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.11.2020 – 23.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

27.11.2020

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 65, 2-қабат, мәжіліс залы

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7232) 264831