Коммуналдық мүлікке иелік ету бөлімінің бас маманы (09-03)
Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Облыстық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру бойынша жұмыс. Жалға алушылардың мүліктік жалдау шарттарының талаптарын орындауын бақылау. Облыстық бюджет кірісіне жалдық төлемдердің түсуін бақылау. Мүліктік жалдауға берілген коммуналдық меншік мүліктеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін растау үшін құжаттарды жинау және дайындау. Облыстық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру жөніндегі істерді қалыптастыру, есептілікті жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.10.2020
- «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 65, 2-қабат, мәжіліс залы
-
телефон 8 (7232) 26-48-31