Әдеп жөніндегі уәкілмен кездесу туралы

Ағымдағы жылдың 12 тамызында Шығыс қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Р.А. Арыстанбек қаржы басқармасының ұжымымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларын сақтау мәселелері бойынша әңгіме өткізді. Сондай-ақ, сұхбатқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Б.Н. Кенчимбаев қатысты. Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын негізгі талаптар түсіндірілген слайдтар ұсынылды. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.