Сенбілік
2019 жылғы 14 қыркүйектен бастап 2019 жылғы 30 қазанға дейін қала аумағының санитарлық жағдайын тиісті ұстау, абаттандыру және көгалдандыру деңгейін арттыру мақсатында екі айлық санитарлық тазалау басталды. Қаржы басқармасының қызметкерлері аталған іс-шараға белсенді қатыса отырып, бекітілген қала аумағын тазалауға шықты. «Тазалайтын жер емес қоқсытпайтын жер таза» деген жақсы мәтелді айта отырып, барлық өскемендіктерге айтар тілегіміз, жеке мүлігіңізге қалай ұқыпты қарайсыз сол сияқты бізді қоршағанның барлығына, қаламыздың ең таза және әдемі болуына көңіл бөліңіздер.