ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы

16 наурыз 2021 жылы Глубокое аудандық филиалы «NurOtan" партиясы ғимаратында «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбында «Глубокое –Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Р.К. Әділбаева дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға "NurOtan" партиясының Глубокое аудандық филиалы төрағасының 1-ші орынбасары Анна Юрьевна Кузнецова, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.М. Забиров, Глубокое кенті аппаратының мамандары қатысты.

Талқылау тақырыбы: Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы" Заңы мен 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іс-қимылының негізгі бағыттары.

Роза Касиевна сыбайлас жемқорлықтың азаматтық қоғам үшін қауіптілігі және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне төзбеушілік атмосферасына жету үшін қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы сөз сөйледі.

Бұл жұмыс халықпен кері байланыстың тиімді арнасына айналады, өйткені оларды құру және жұмыс істеуі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына, әкімшілік кедергілерді, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға қатысты мәселелермен айналысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Осы бағыттағы бірлескен жұмыс өзінің оң нәтижесін береді деп есептейміз.