Азаматтарды қабылдау орталығы

2024 жылдың басынан бастап орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы және аумақтық департаменттері басшыларының консультациялар беру, өтініштерді қабылдау, азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауларын өткізу үшін орталықтандырылған алаң ретінде Азаматтарды қабылдау орталығы жұмыс істей бастайды.

 Азаматтарды қабылдау орталығында:

  • кез келген мемлекеттік органға өтініш беруге;
  • түрлі ведомстволардың өкілдерінен кеңес алуға;
  • орталық мемлекеттік органдардың (құқық қорғау органдарынан басқа) жергілікті атқарушы және аумақтық департаменттерінің бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазылуға болады.

«е-Өтініш» АЖ арқылы жеке қабылдауға жазылу бойынша нұсқаулық келесі онлайн-форматта:жүктеу. 

Орналасқан жері: Глубокое к., Попович көшесі, 11А, аудан әкімдігінің ғимараты, телефон 8 72331 2 12 75