Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
Шығыс Қазақстан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Сәулет
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Аспап жасау
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Заңмен белгіленген лицензияланатын жұмыс түрлерінің тізіміне сәйкес ведомстволық бағынысты аумақта лицензия алу үшін лицензиаттар ұсынған құжаттар мен материалдарды қарау жұмысына қатысу. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде субъектілерге берілетін лицензияларға мониторинг, оларды есепке алу мен тіркеуді, лицензиаттардың лицензиялау ережелері мен нормаларын сақтауын бақылауды, лицензиялау нормалары мен ережелерін бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғаларға қатысты заңнамалық тәртіпте белгіленген шаралар қолдануды, лицензиялық құжаттардың (лицензиялар мен оларға қосымшалар) ресімделуін бақылауды ұйымдастыру. Лицензияланатын құжаттарды сақтау және мұрағатқа өткізуді ұйымдастыру. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтер көрсететін сарапшылардың аттестат алу үшін жеке тұлғалар ұсынатын құжаттар мен материалдарды қарастыру. Сарапшыларға аттестат беру үшін тестілеу өткізу және құжаттарды ресімдеу. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру, лицензия ізденушілерімен тұрақты негізде консультативтік жұмыс жүргізу. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттігі шегінде өзге де міндеттерді шешу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 14.08.2020
- Өскемен қ., Қазақстан к., 27, 1-ші кіреберіс, 2-қабат, 207-кабинет
-
8(7232) 57-78-90