«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы»

Үлестік құрылыс 3 жолмен ұйымдастырылатынын хабарлаймыз:
- Бірыңғай оператордан кепілдік алу ("ҚЖК"АҚ кепілдігін алуды талап етеді);
- Екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу (ЖАО рұқсаты қажет);
- Көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту (ЖАО рұқсаты қажет).
Қазіргі уақытта Өскемен қаласының аумағында үлескерлердің қаражатын тарту үшін "ҚЖК" ақ кепілдігі тек "Жаным" ТК бойынша, "Sparkle Diamond" ТК бойынша кепілдік жағдайы жарияланды.
Салынып жатқан тұрғын үйден тұрғын үй сатып алуды жоспарлау кезінде "ҚЖК" АҚ Тұрғын үй порталының сайтында ақша тартуға тиісті рұқсаттың бар жоғын өз бетінше тексеруге болады (homeportal.kz).
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы үлестік құрылыс объектілері бойынша егжей-тегжейлі консультация алу үшін Сіз "ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ-не Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі 27, 1-кіреберіс, 2-қабат мекенжайы бойынша жүгіне аласыз.
Байланыс телефондары: 40-11-32, 40-11-27.