Нысанды пайдалануға қабылдау қалай жүзеге асырылады !

Нысанды пайдалануға қабылдау қалай жүзеге асырылады !

Құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 11-тарауымен регламенттеледі.

Осылайша, Заңның 11-тарауының 73-бабына сәйкес, салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беруді тапсырыс беруші бекітілген жобаға сәйкес толық дайын болған кезде және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар болған кезде жүргізеді

Тапсырыс беруші сәйкестік туралы декларацияның, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың негізінде мердігермен (бас мердігермен), техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалармен бірлесіп атқарушылық техникалық құжаттаманың болуы мен толықтығы тұрғысынан тексеруге, тиісті акт бойынша объектіні қарап шығуға және пайдалануға қабылдауға міндетті (объектінің пайдалануға қабылдауға дайындығына түпкілікті тексеру жүргізу).

техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардан монтаждау жұмыстары, объектіні жобалау, салу, қабылдау және пайдалануға беру кезінде орындалған жұмыстар үшін жауапкершілікте.