- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензия алу, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру үшін лицензиат ұсынатын құжаттар мен материалдарды қарау;
- Келіп түскен өтініштерді қарау (сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау));
- Берілген аттестаттардың есебін жүргізу;
- Сарапшылардың жүзеге асыратын қызметін мониторингілеу және талдау;
- Лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лицензиялау ережелері мен нормаларын бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау;
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
- Берілген лицензиялар мен аттестаттардың есебін жүргізу;
- Жоғары тұрған органдардың өкімдік құжаттарының орындалуын бақылау;
- Лицензиялау және аттестаттау бөлімінің құзыретіндегі мәселелер бойынша семинарлар өткізу және жұмысты ұйымдастыру;
- Азаматтардың хаттарын, арыздарын, шағымдарын, өтініштерін және қызметтік хат-хабарларды қарау;