«Глубокое ауданы Глубокое кентінде жылу көзін салу»

«Глубокое ауданы Глубокое кентінде жылу көзін салу»

 

2020 жылдың 2 маусымында Глубокое ауданы Глубокое кентінде қазандық құрылысына мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шарты жасалды.

Конкурстың нәтижелері бойынша «Mimsan Endustri Kazanlari Sanayi ve Ticaret A.S.» АҚ (Түрік Республикасы) жеке әріптес болып белгіленді.

Шарт талаптарына сәйкес МЖӘ нысанын салу және жабдықтау құны 4 517,159 млн. теңгені құрайды.

Жоба - жекеше әріптес инвестициясының 60% / мемлекеттік бюджеттен қоса қаржыландыру 40% қатынасында іске асырылатын болады.

Шарт 12 жыл мерзімге жасалды, оның ішінде ЖСҚ әзірлеуге 2 ай, нысан құрылысына 10 ай.

Қазіргі уақытта жеке әріптес жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және қазандық жабдықтарын дайындауды бастады.

Жылу көзінің қуаты 30 Гкал/сағ құрайды, онда циркуляциялық типтегі қайнаған қабаты бар 10 Гкал/сағ 3 қазандық және ПӘК 88% кем емес орнатылады, бұл энергия тиімділігінің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келеді және Глубокое кентінің жылу энергиясына қажеттілігін қанағаттандырады. Қазандықтарды орнату көзделуде.

Құрылыс кезеңінде 105 уақытша жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Жобаны іске асыру инновациялық жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, жылумен жабдықтаудың сенімді жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Жылу көзін салу келесі міндеттерді шешеді:

- жылумен қамтамасыз ету бойынша сапалы қызмет көрсету;

- жылу шығынын төмендету;

- энергия көздерін пайдалануды оңтайландыру;

- энергия үнемдеуші технологияларды енгізу;

- органикалық отын шығындарын қысқарту;

- парниктік газдар шығарындыларын азайту;

- заманауи инновациялық технологияларды енгізу.