Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына ауысуға қатысты

2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес 2022 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына ауысуды қамтамасыз ету қажет.

        Сонымен бірге, мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс - шаралар жоспарының 143-тармағында мүлік иелері бірлестіктері институтын (бұдан әрі- МИБ, ЖС) енгізу көзделген.

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде көп пәтерлі тұрғын үйдің кеңесін сайлау және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 42-бабының 1-тармағында көзделген кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау туралы шешім қабылдау үшін көп пәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысын өткізуге міндетті.

Бұл ретте, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген және қызметін жүзеге асыратын басқару нысандары (үй-жайлар иелерінің кооперативтері) көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2022 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады.

Облыстың тұрғын үй қоры 5 619 көппәтерлі тұрғын үйді (бұдан әрі - КПТҮ) құрайды, олардың 4 584 КПТҮ басқарудың жаңа нысандарына көшуге жатады.

Бүгінгі таңда 2 613 КПТҮ немесе 57,0% (61 МИБ,                              2 552 ПТ) басқарудың жаңа нысандарына көшті.

Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерлері облыстың үш аумағында бекітілді (Өскемен қаласы - 42 тг/м2, Курчатов қаласы - 25 тг/м2, Шемонаиха ауданы - 39,98 тг/м2), қалған аймақтарда бекітілу барысында.